Өңірде мемлекеттік шекарада 4 автомобиль өткізу пункті бар, онда департамент пен денсаулық сақтау басқармасының мамандары тәулік бойы кезекшілік етеді. Күн сайын шекарадан 500-ден 700-ге дейін адам өтеді. Шектеулер енгізілгеннен бері облысқа 200 мыңға жуық адам келді.  


«Атап айтар болсақ, оның 104 мыңға жуығы - халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын ауыр жүк автомобильдерінің жүргізушілері және 95 мыңы - жолаушылар. Жалпы, 41 мыңнан астам ПТР зерттеу жүргізілді, сырттан әкелінген 264 мың оң, симптомсыз жағдай анықталды. Сондай-ақ адамдар тексеру үшін карантиндік стационарларға орналастырылады. Жалпы, карантиндік стационарға 4 771 азамат орналастырылды, резидент емес 2658 тұлғаға ПТР анықтамасынсыз елге кіруге жол берілмеді. Бұл жұмыс күн сайын жалғасуда», - деді шенеунік.  


Өткен тәулікте шекарадан 537 адам өтіп, оның 15-і карантиндік стационарға орналастырылды.