«Әлемдік тәжірибе ЖЖМ-ға баға белгілеудің неғұрлым тиімді және ашық тетігі биржалық сауда болып табылатынын көрсетіп отыр. Бізде бірнеше жылдан бері электрондық сауда алаңдарында сұйытылған мұнай газымен сәтті сауда-саттық жүргізіліп келеді. Жанар-жағармай бойынша министрлік Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, осы бағытта жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Биыл наурыз айынан бастап бензин бойынша сауда-саттық жүргізілуде. Төртінші тоқсанда дизель отынының биржалық сауда-саттығын іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар, министрлік мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындауына жол бермеу үшін «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрық әзірледі, онда қолданыстағы тыйымды автомобиль көлігімен бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге алты ай мерзімге ұзарту қарастырылған», - деп хабарлады спикер. 


Айта кетейік, тыйым жанар-жағар май шығаруға және бензинді автокөлік бактарымен шығаруға қолданылмайды.