«Орта есеппен төсек-орын жүктемесі өткен аймен салыстырғанда 30%-ға төмендеді. Тиісінше, науқастар саны қысқарған сайын, алдағы уақытта төсек-орын қоры да азаятын болады. Айта кетейік, коронавирусқа байланысты жағдайға қарамастан, жыл басынан бері біз жоспарлы ауруханаға жатқызуды тоқтатқан жоқпыз. Бұл маңызды болып табылады. Өңір тұрғындары жоспарлы медициналық көмек алды. Медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге былтыр бюджеттен 4,6 млрд теңге, биыл 2,7 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға 40 ӨЖЖ, 16 УДЗ, 2 КТ аппараттары, 27 желілік-диагностикалық кешен, 3 ПТР-зертхана және коронавирустық инфекциямен күресу үшін басқа да маңызды медициналық жабдықтар сатып алынды», - деді спикер. 


Енді облыста 14 КТ аппараты, 64 рентген-аппараты, оның ішінде облыс бойынша жұмылдыру мүмкіндігі бар 8 медициналық жылжымалы кешен бар. Пандемия басталғаннан бері 41 реанимобиль, «КамАЗ» базасында 2 жылжымалы медициналық кешен және 6 мобильді медициналық автобус сатып алынды. Облыстың барлық медициналық ұйымдары дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарының екі айлық қорымен қамтамасыз етілген. Тәулігіне 8 мыңға жуық ПТР зерттеу жүргізі қуаты бар 12 зертхана жұмыс істейді.