Ол өңірде қатаң карантиндік шаралар қабылданғанын, демалыс күнгі локдаун енгізілгенін, адамдар көп жиналатын нысандардың жұмысы шектелгенін жеткізді. Мұндай манипуляциялар вакцинациямен бірге өз әсерін тигізді. 


«Вакцинация науқаны басталғаннан бері 218 050 адам бірінші компонентпен, 190 469 адам екінші компонентпен егілді. Қабылданған шектеу шаралары, сондай-ақ кезең-кезеңмен вакцинациялау оң нәтижелер берді, аурушаңдық деңгейінің төмендеуіне және облыстың «қызыл» аймақтан шығуына ықпал етті», - деп мәлімдеді спикер. 


Қауіпті вируспен күреске барлық медициналық ұйымдар мен кадрлардың жұмылдырылуына қарамастан, тұрғындар амбулаториялық және жоспарлы медициналық көмексіз қалған жоқ. 


Айта кетейік, облыста коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға және болдырмауға биыл 4,2 млрд теңге, оның негізгі үлесі – ҮКІМЕТ резервінен вакциналар сатып алуға бағытталды.