Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар әкімдіктердің қарамағында болады. Қазақстан бойынша осындай 900 аса орталық жұмыс істейді және шамамен 110 мыңнан астам адамға қызмет көрсетуде.  

«Ұлттық жоспарда мүгедек адамдарды әлеуметтік оңалту мен абилитациялаудың кешенді тәсілін іске асыру көзделген, әлеуметтік қорғау саласындағы оңалту орталықтарының желісін кеңейту бойынша бірқатар шаралар қабылдануда. Бүгінгі күні республика бойынша әлеуметтік қорғау саласында мүгедектігі бар ересектер мен балаларға арналған 55 оңалту орталығы жұмыс істейді. Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының шараларын іске асыру аясында жыл сайын 2025 жылға дейін елімізде 3 балаларды оңалту орталығын ашу жоспарланған. Сондай-ақ, 2021-2023 жылдары 12 өңірде 150 орындық ірі жаңа оңалту орталықтары салынбақ. Елбасының «Қамқорлық» қоры бастамасымен аутизмі бар балаларға арналған тағы 8 орталық ашу бойынша жұмыс жүргізілуде», - деді департамент директоры 


Бұдан бөлек, кәсіби кадрларды қалыптастыру және олардың еңбегіне лайықты ақы төлеу арқылы халықтың осал тобына ұсынылатын қызметтер сапасы қамтамасыз етіледі. 


«Әлеуметтік қызметкерлер кәсібінің беделін арттыру және олардың мәртебесін тану мақсатында министрлік әлеуметтік қорғау ұйымдарында жұмыс істейтін басқарушы және негізгі персоналдың жалақысын кезең-кезеңімен арттыруда. Сондай-ақ әкімшілік, қосалқы персонал қызметкерлерінің, стационарлық және жартылай стационарлық, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарында жұмыс істейтін жұмысшылардың жалақысы қолданыстағы базалық лауазымдық айлықақының 30%-ын лауазымдық айлықақының 40% - ына өзгерту арқылы арттырылды. Мысалы, жоғары білімді, екінші санатты, жұмыс өтілі 5-7 жыл әлеуметтік қызметкердің жалақысы 2020 жылы 128 300 теңгені құраса, ағымдағы жылы 189 мыңға дейін өсті. 2022 жылы 219 мың теңгені, 2023 жылы 250 мың теңгеге дейін өсіп, 2 есеге дейін ұлғаяды.  
Сонымен қатар, министрлік базалық негіз болатын эко-жүйені құру арқылы «зерделеу-оқыту-енгізу-тарату» қағидаты бойынша ауқымды жұмыс жүргізеді. Ведомствоға қарасты ұйым базасында тиісті мамандарды даярлау үшін шетелдік жеделдетілген оқыту бағдарламаларын бейімдеу және халықаралық мамандарды шақыра отырып, жыл сайынғы оқытуды өткізу, ментальді және мінез-құлқында бұзылулары бар балаларға қызмет көрсететін Оңалту орталықтары, МӘМ, ПМПК, түзету кабинеттері, ҮЕҰ қызметкерлері үшін одан әрі супервизия бойынша жұмыс басталды. Осылайша, әлемдік тәжірибеде бар аутизмді түзетудің ең тиімді әдістері бойынша 44 ұлттық шебер-жаттықтырушы мен 69 маман даярлау көзделген», - деді Альбина Боранбайқызы. 


Оның айтуынша, министрлік әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізді. Жергілікті атқарушы органдардан және осы саладағы қоғамдық бірлестіктерден түскен 80 жуық ұсыныс іріктеліп алынды. 2019 жылдан бастап 45 НҚА 40 норма бойынша қайта қаралды.