Мұндай «инспекциялардың» нәтижелері жүйелі кемшіліктердің - ұйымдастыру іс-шараларының, емдеу және тактикалық сипаттағы бұзушылықтардың бар екенін көрсетеді, медициналық көмек көрсету сапасының менеджменті жүйесінің төмендегенін және орталықтардың басшылары мен қызметкерлерінің тікелей функционалдық міндеттерге немқұрайлы қарайтынын көрсетеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенова мәлімдеді. 


Оның айтуынша, былтыр 970 тексеру жүргізілді. Ұйғарымдар беріліп, айыппұлдар салынды. 


«2020 жылдың тамыз айында қабылданған шаралардың басым бөлігі 2023 жылға дейін мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі Жол картасында көрсетілген. 2021 жылдың І тоқсанында 469 астам тексеру жүргізілді. Талдау көрсеткендей, 2020 және 2021 жылдары жалпы сипаттағы барлық жүйелі бұзушылықтар орын алған: адамдарды қажетті оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, медициналық және арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету және көрсету. Айыппұлдар салынды, барлық ЖӨБ тексеру барысында анықталған бұзушылықтар нәтижесінде 13 қызметкерге жаза қолданылды: олардың бесеуі жұмыстан шығарылды, кейбіреулеріне ескертулер мен сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметтерді одан әрі жаңғыртудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарының жобасы келісу сатысында тұр, онда ірі қызмет көрсету орталықтарын деинституцияландыру, әлеуметтік қызмет көрсету мен оңалтудың көп бейінді шағын үйлеріне көшу, қызмет түрлері бойынша стандарттарды қалыптастыру, әлеуметтік қызметкердің мәртебесі мен оның біліктілігін арттыру, әлеуметтік қызметтер ребрендингін жүргізу және әлеуметтік қызметкерлердің тізілімін құру, жүйені жан басына қаржыландыру қағидатын енгізу және басқа да іс - шаралар көрініс табады», - деп мәлімдеді спикер.