«Талдап қарасақ, нан бағасының күрт өсуі тіркелген жоқ. Өңірлерде нан бағасы тұрақты. Бидай мен ұнға деген айтарлықтай сұраныс жоқ. Бидай мен ұн нарықта жеткілікті мөлшерде бар. Жиын-терім науқаны аяқталып қалды, яғни нан бар. Ол ұнға өңделеді және наубайханаларға жеткілікті мөлшерде жеткізіледі. Кейіннен, егер бидай бағасы көтерілсе, бұл ұн бағасының өсуіне әкеледі, сәйкесінше, нан бағасына қатысты сұрақтар туындауы мүмкін. Сондай-ақ, заңда көзделген шаралар шеңберінде бағаны реттеу, тұрақтандыру тетіктері, оның ішінде кейіннен наубайханаларға беру үшін астық көлемінің бір бөлігі Азық-түлік корпорациясының резервінен ұн тарту кәсіпорындарына жөнелтілетін болады. Яғни, нанға қажетті шикізат бағасы көтерілген жағдайда Үкімет тарапынан шаралар қабылданатын болады және әлеуметтік нан бағасының күрт өсуі болмайды», - деп сендірді спикер.