«Энергия өндіруші кәсіпорындарға 39,1 млн тонна көмір жөнелтілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4% артық. Өнеркәсіп кәсіпорындарында 4,2 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 5 млн тонна көмір жөнелтілді. Экспорт 19,4 млн тонна көмірді құрады. Қоймалардағы қазіргі көмірдің қоры - шамамен 1,5 млн тонна. Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан ірі көмір өндіруші компанияларда көмір өндірудің өсімі байқалады. Мысалы, «Богатырь» көмір кенішінде 4,5%, «Шұбаркөл» көмір компаниясында 9,5%, «Қаражыра» компаниясында 7,4% өсім бар», - деді.


Оның айтуынша, әкімдіктер көмір жеткізу жоспар бойынша және белгіленген уақытта орындалып жатыр. Осы мақсатта жергілікті атқарушы органдармен бірнеше жиналыс өткізілді. Министрлік тарапынан әкімдіктерге көмір дайындау бойынша жұмысты күшейту бойынша ұсынымдар берілді. Халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету жұмыстары министрліктің тұрақты бақылауында. 


ҚР ИИДМ мәліметінше, көмір өндіруші компаниялар концентратын қоспағанда, ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында 69 млн 200 мың тонна көмір өндірді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,1% құрайды. Өткен жылы осы аралықта 69 млн тонна көмір өндірілген.