ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев болжамдарды негізсіз деп атады. Ол оның басты факторларын атады.  


«Біздің бағалауымыз бойынша, жыл басындағы көрсеткішерді өткен жылғымен салыстырсақ - тұрғын үй нарығында өсім орта есеппен 13-15% болды. Бұл бірнеше факторға байланысты. Біріншісі - пандемия, яғни кейінге қалдырылған сұраныс, 2020 жылы болмаған нәрсе. Екінші фактор - пандемия салдарынан логистика, жүк жеткізу, соның ішінде шет елдерден жеткізумен белгілі бір проблемалар болды. Үшінші, маңызды фактор - зейнетақы қоры, зейнетақы қорынан шамамен 1,5 трлн теңге қаражат берілді. Қазір мұндай факторлар жоқ және күтілмейді. Болжам 30% негізсіз деп ойлаймын. Жалпы, егер бұл құрылыс материалдары бағасының өсуіне байланысты болса, өндіруші зауыттардағы құрылыс материалдарының бағасы тұрақты. Жылдың ортасын басымен салыстырсақ, тіпті төмендеу де байқалады. Егер жалпы құрылыс материалдары нарығы туралы айтатын болсақ, Қазақстан ішкі нарықты құрылыс материалдарымен 60% - ға толық қамтамасыз етеді. Қазақстанда өндірілмейтіндері ғана әкелінеді. Бұл линолеум, санфаянс, түсқағаз, керамикалық плитка. Барлық осы позициялар бойынша нақты жобаларымыз бар, оларды алдағы 2-3 жылда жауып, сол арқылы отандық өніммен қамтамасыз етеміз», - деп сендірді салалық ведомство өкілі.