«Біздің бағалауымыз бойынша, негізгі себеп дизель отыны бағасының айтарлықтай айырмашылығы болып табылады. Ірі ЖҚС баға шамамен литріне 207-208 теңгеден, қалған желілерде 230-240 теңгеден. Жыл басынан бері біз литріне 200 теңгеден ұстап тұрдық. Ресей Федерациясымен айырмашылық  литріне 100 теңгеге дейін, Өзбекстанмен литріне 70-80 теңгеге, Қырғыз Республикасымен 61 теңгеге дейін жетті. Бұл айырмашылық іс жүзінде бүкіл транзиттік ағын Қазақстанның кіре берісінде және одан шыға берісінде жанармай құюға тырысуына ықпал етті. Осылайша, біз Қазақстанда шекара маңындағы облыстарда тұтынудың күрт өсуін байқап отырмыз. Біздің бағалауымыз бойынша, егер өткен жылдармен салыстыратын болсақ, бұл шамамен 10-15% - ды құрайды», - деп атап өтті спикер.