Оның мәліметтері бойынша, тапсыру мерзімінің аяқталуына қарай, яғни 2021 жылғы 15 қыркүйекке қоса алғанда, декларацияны 497 283 адам немесе жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде күтілетін декларанттар санының 103,4%-ы тапсырды.  


«Қабылданған 512 мың декларацияның ішінде ең көп таралған өтінім беру тәсілі болып e-Salyq Azamat мобильдік қосымшасы табылады, оның көмегімен декларациялардың 54% ұсынылған. «Салық төлеушінің кабинеті» және СОНО арқылы – 40%, «Электрондық үкімет» порталы арқылы – 5,5%. Декларацияны қағаз тасығышта 414 адам немесе жалпы санының 0,1% ұсынды. Декларацияны ұсынған 497 мың жеке тұлғаның 440-ында 58 елдің шетелдік банктерінде банктік шоттары бар. Ақшаның жалпы сомасы 691 млрд теңгені құрайды. Ресей Федерациясында, Америка Құрама Штаттарында, Швейцарияда банктік шоттардың ең көп саны ашылды. 494 жеке тұлға 26 елде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде 666 жылжымайтын мүлік объектісін декларациялады, оның ішінде 436 объекті Ресейде, 44 Біріккен Араб Әмірліктері, 38 Түркияда. 1030 жеке тұлға 49 шет мемлекетте тіркелген 1198 көлік құралын, оның ішінде 292 Ресейде, 235 Арменияда, 221 Жапонияда, 162 Германияда декларациялады. 47 жеке тұлғаның біздің елден тыс 57 заңды тұлғада қатысу үлесі бар, бұл Ресейде, Кипрде, БАӘ және т.б. 1585 жеке тұлға 11 елде 1603 жылжымайтын мүлік объектісінің құрылысына қатысу үлесінің бар екенін көрсетті, оның ішінде Қазақстанда 1568. 116 адам инвестициялық алтынды жариялады; 25 елде 918 адам бағалы қағаздарды жариялады; 635 инвестициялық пай қорларында 608 адамның пайлары бар; 212 адамның 218 зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бар; 355 адамның дебиторлық берешегі бар; 578 адамның кредиторлық берешегі бар.», - деді МКК өкілі.  


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларын ұсыну жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар, активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға қосымшаларда мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы мәліметтер де көрсетіледі.  1 704 жеке тұлға 2 327 нысанды сенімді басқаруға берді.