«Бұдан басқа, жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға қатысты толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтының Kgd.gov.kz «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінен алуға болады. Сондай-ақ, «ҚР Жалпыға бірдей декларациялау» Telegram-арнасы, «Universal_declaration_kz» Instagram-аккаунты, «ҚР Жалпыға бірдей декларациялау» Facebook-парақшасы арқылы түсіндіру жүзеге асырылады. Апта сайын сәрсенбі күндері сағат 11-00-ден 11-30 дейін Мемлекеттік кірістер департаменттері «сұрақ-жауап» форматында Zoom арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді», - деді спикер.