«КВИ+ пен КВИ– стационарға барғанда анықталады. Науқастардан ПТР алынады, олар КТ-дан өтеді. Өкінішке орай, КВИ жұққан бойда емді бастамаса, оның пневмонияға өтіп кету қауіпі жоғары. Шымкентте өздігінен емделген адамдар болды. Жылдам шешім қабылдап, дәріханалар жанындағы жеке меншік түрлі екпе алатын орындардың жұмысын реттедік. Адамдардан ауру белгілері байқалған кезде бірден еманаға хабарласуын өтіндік. Аурудың өршуіне олардың өздігінен емделуі себеп болды деп ойлаймын. Науқастардың көбі 15-16-шы, тіпті 20-шы күндері ауруханаға ауыр жағдайда түсіп жатты. Олар осындай жеке практикадағы дәрігерлерде емделіп, ауыр антибиотиктермен 1-2 курс ем қабылдаған. Ал ем қонбаған соң жедел жәрдеммен шақыртқан», - деді қала әкімінің орынбасары. 


Қазіргі кезде осы жағдай қайталанбас үшін денсаулық сақтау саласында медициналық ағарту жұмыстары күшейтілмек. Шымкентте жыл басынан бері 110 адам қайтты КВИ салдарынан көз жұмған.