«Санақтан онлайн режимде өткендер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірдің 865 мың тұрғыны санақтан өткені туралы хабарлама алды. Алматы облысында 705 мың адам тіркелген. Көшбасшылар үштігін Шығыс Қазақстан облысы түйіндейді. Мұнда халық санағының сұрақтарына 612 мың адам жауап берді. Осы көрсеткіш бойынша Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарын соңғы орындарда. Егер нақты өңірдің онлайн санақпен қамтылған халқының үлесі бойынша есептесек, онда Қызылорда облысы көш бастап тұр. Мұнда 48,8% адам қамтылған. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы. Мұнда бұл көрсеткіш 45%-ға жетті», - деді спикер. 


Айта кетейік, 15 қазанға дейін халық санағынан онлайн режимде өтуге болады. Санақ сұрақтарына жауап берудің бірнеше жолы бар. Бұл sanaq.gov.kz мамандандырылған сайты, E-Gov порталы арқылы, сондай-ақ Aitu мобильді қосымшасын пайдалана отырып авторизациядан өту.