Алексей Цой келесі тоқсанда болатынына сенім білдірді. Құжат бойынша барлығы шешілді.  


«Біз соңғы келісімшартқа қол қойдық. Компанияда белгілі бір рәсімдер, бірнеше әртүрлі құжат бар. Бірақ соңғы келісімшартқа қол қойылды. Бізге шамамен 4 млн доза жеткізу жоспарланып отыр. Ол жақын арада төртінші тоқсанда әкелінеді деп күтілуде. Тиісінше, жеткізу барысында барлық суық тізбек сақталады. Қазақстанның әрбір өңіріне жіберілетін вакциналарға арналған тоңазытқыш жабдығы қажетті -80 градус температуралық режимге сәйкес келетін болады. Барлық жағдай жасалады. Вакцинация пункттері ұйымдастырылды. Принцип ұқсас, жалғыз айырмашылығы - температураны сақтау. Қосымша жабдықтар барлық өңірлерде орнатылады. Вакцинаны жеткізу кезінде басқа вакциналар үшін де суық тізбек дайын болады деп ойлаймын. Болашақта бұл вакциналарды әртүрлі температурада көп сатылы сақтауға мүмкіндік береді. Сонда әлемде әзірленіп жатқан кез келген вакцинаны сақтай аламыз», - деп сендірді Цой.