«ДДСҰ аккредиттеген Синофарм, Веросел вакцинасы бар. Яғни, егер мемлекет ДДСҰ-да тіркелген вакциналар бойынша талап қоятын болса, бізде ондайлар бар, екпе салдырып, елден тыс шығуға болады. QazVac ДДСҰ-да тіркеу рәсімінен өтуде. Вакцина тіркелгеннен кейін басқа нарықтарда қолжетімді болады. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан клиникалық айналымға вакцина енгізген алтыншы ел. ДДСҰ аккредиттеген көптеген мемлекеттерде, Трансұлттық компанияларда тіркеу процедуралары жылдар бойы жолға қойылған, ол үшін арнайы қызметтері де бар. Бізде қайта орнату жүріп жатыр, біз әзірлеген вакцина қазір халықаралық қауымдастыққа интеграциялануда, қазір тіркеу алгоритмдерін пысықтап, құжаттарды қалыптастырып жатырмыз. Бұл өте үлкен кезең, бұл Қазақстан үшін жаңа нәрсе, серпіліс. Сондықтан, тіркеуден өткеннен кейін ол бірден әлем бойынша қолжетімді болады», - деп жауап берді елдің бас дәрігері.