«Бұл мәселе өте маңызды. 960 мыңға жуық адам вакцинацияланды. Бір жарым айдың ішінде дельта тудырған пандемиялық толқынмен күрес барысында түсіністік танытқан барлық алматылықтарға ризашылығымызды білдіреміз. Егілген адамдар саны мен қалада 4-ші толқын жалғасқан уақыт өзара тікелей байланысты, бұл вакцинацияның қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Ақпан айынан бастап вакцинация қарқыны әртүрлі болды. Бірінші айда ковидпен күрестің бірінші шебінде жүргендер: дәрігерлер, мұғалімдер, полиция қызметкерлері, коммуналдық қызметкерлер егілді. Екінші кезеңде жаппай вакцинация басталды, тәулігіне 10-15 мың адам екпе салдырды. Қазір бір миллион тұрғынға екпе жасалды, бұл ересек тұрғындардың шамамен 77%. Алайда, Pfiser вакцинасының жеткізілуін ескере отырып, бұл қазан айының соңында болады, біз қаланы қорғауға, қаладағы өмірді қалыпқа келтіруіміз керек, локдаундар болмас үшін жоспарланғандай 1,09 мн адам емес, 1,3 млн адам егілуі тиіс. Жұмысты жалғастыру қажет, шамамен 300-400 мың ересек тұрғынға әлі екпе салу қажет. Бұл алдымызда тұрған үлкен міндет. Баршаңызды вакцинацияны жалғастыруға шақырамыз», - деді қала әкімінің орынбасары. 


Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Pfiser вакцинасы Алматыға жеткізілген кезде 306 мың оқушы мен студент вакцинациямен қамтылады. Бұл вакцинациямен қамтуды, иммундық қабатты қалыптастыруды арттырады, нәтижесінде бұл сырқаттанушылықтың төмендеуіне әкеледі.