«Аптасына бір рет өтетін жиында қала әкімінің жетекшілігімен ауру жұқтыру ошақтары мен тізбектеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі, олар өршіп, жағдайды қиындатуы мүмкін. Әрбір орын (адамдар көп жиналатын орындар, алаңдар, қоғамдық көлік) талданады және апта сайын мониторингтік топтардың осы бағыттағы жұмысы түзетіледі. Егер олардың күші жеткіліксіз болса, онда эпидемиологиялық жағдай анағұрлым қолайлы аудандардағы топтар сол сәтте оқиға болған аудандарға жіберіледі. Яғни, мониторингтік топтардың жұмысы - бұл апта сайын қолмен реттелетін тірі организм. Қалалық СЭС-те біздің осал тұстарымызды анықтайтын арнайы топ бар. Егер 1 қаңтардан 5 қазанға дейінгі көрсеткіштерге тоқталатын болсақ, 40 мыңға жуық нысан тексерілді, барлығы 4500 рейд өткізілді, анықталған бұзушылықтардың орта есеппен 10-15% әкімшілік шараларға немесе сот органдарына жіберіледі. Бұл жуықтап алынған негізгі көрсеткіштер. Тамыз-қыркүйекте «дельта» штаммына байланысты бұл жұмыстар, соның ішінде ададамдар жаппай жиналатын орындар, санитарлық бекеттер күшейтілді. Иә, бірқатар сын айтылды. Қала үлкен, бақылау топтары барлық жерге барып үлгермейді. Дегенмен, олар өз жұмыстарының нәтижелілігін көрсетті, жалпы қойылған талаптарды орындайтын алматылықтарға алғысымызды білдіреміз. Мониторингтік топтардың анықтағаны республикалық көрсеткіштің шамамен 20-24% құрайды. Әрине, олардың қызметі қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және эпидемиологтардың алға қойған міндеттеріне сәйкес түзетіліп, жұмыстар жалғасын табады», - деп жауап берді спикер. 


Мониторингтік топтардың жұмыс істеу механизмін Алматының бас санитарлық дәрігері түсіндіріп өтті.    


«Егер сырқаттанушылықты төмендету бойынша бірінші орынға иммундау қойылса, халықты қорғау үшін қажетті иммундық қабатты тұрақтандыру және оған қол жеткізу мәселелерінде мониторингтік топтарды бақылау маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда бұған баса назар аударылады, біз республикалық көрсеткіштің 46%-ын анықтаймыз және бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз, күндізгі, түнгі топтар мен қоғамдық көліктер тиімділік бойынша осындай көрсеткіштерді берді. Қазіргі уақытта бізде анықталған бұзушылықтардың орта есеппен 9,6% әкімшілік шара қолданумен аяқталады. Соңғы екі аптада тиімділік 10-12% дейін өсті. Біз халықты вакцинациялаумен қамтудың қажетті деңгейіне жеткенше және жақсы иммундық қабат қалыптастырғанша, яғни 70% - дан жоғары, мониторингтік топтар өз қызметін жалғастыратын болады», - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.