«Бұл өңделген өнімдерді экспорттаушылар. Қазір 450 кәсіпорын белсенді. Олар сауда байланыстарын орнатты, соңғы 3-4 жылда белсенді түрде өнім жеткізуде. Осы кәсіпорындармен қатар, біз көрсеткен шаралардың, яғни консультациялық қолдаудың арқасында, әсіресе өткен жылы, COVID-19 кезеңінде жедел қолдау көрсету қажет болған жағдайда - «алғашқы көмек» көрсетілген 600 кәсіпорын анықталды, осының арқасында көптеген адамдар жаңа нарықтарды игере бастады.  


«QazTrade» бас директорының тағы бір орынбасары Гүлмира Ахметтаева экспорттаушыларға шығындарды өтеуге қанша қаражат қарастырылғанын айтып берді. 


«Ағымдағы жылы 19 ВАК өтті, оның барысында 132 кәсіпорыннан 4,7 млрд теңге сомасына 248 өтінім мақұлданды. Негізінен, бұл тауарларды шетелдік нарықтарға жеткізумен байланысты көлік шығыстары. Бұдан басқа, экспорттаушылардың сыртқы нарықта тауарларды ілгерілету барысында жұмсаған шығындары да бар», - деп атап өтті спикер.