«Сонымен қатар, заңның базалық қағидаттарын коммуналдық, қаржылық, медициналық, туристік және өзге де көрсетілетін қызметтер салаларына тарату; тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралар дәйектілігіне негізделген қорғау жүйесін, сондай-ақ басқа да жаңалықтарды қайта қарау. Заңға ұсынылған түзетулер бір жағынан тұтынушының қанағаттануы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету, ал екінші жағынан ықтимал әлеуметтік тәуекелдерді болдырмау; мемлекеттік реттеу тиімділігі деңгейінің өсуі; халық үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің тұтастығын, тиімділігін және қолжетімділігін жақсарту бойынша оң әсер береді деп ойлаймыз», - деді спикер.  


Қорытындылай келе, Тыныбеков аталған жаңашылдықтарды заңнамалық түрде бекіту тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін қағидатты сапалы деңгейге шығаратынын, ал бар проблемаларды реттеу тұтынушылардың өмірінде оң өзгерістерге әкелетінін атап өтті.