Оның айтуынша, кешенді блок-модульдерді орнатудың басымдалығы оның бағасы, оңай жиналуы, пайдалануы және қажет болған жағдайда ауылдан ауылға тасымалдау мүмкіндігі. 

«Биыл ЖАО жедел ақпаратына сәйкес 368 ауылды қамту жоспарлануда. Оның ішінде 148 ауылда орталық сумен жабдықтау және 220 ауылда жергілікті бюджет қаражаты есебіненен кешенді блок модульдер орнату жоспарлануда. Ел бойынша барлыға 6 316 ауыл бар, оның ішінде 3 991 ауыл орталық сумен қамтылған, 403 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған. 


Қамтылмаған 1 922 ауылдаң 793-інде орталық сумен жабдықтау жүйелерін салу жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда», - деді спикер.