Облыста жыл басынан бері COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 19 337 құраса, 8-15 қазан аралығында 71 жағдай анықталды. Соңғы тәулікте індет жұқтырудың 7 жағдайы тіркелді.

  
«Аймақтар бойынша аурушаңдық көрсеткіші 57,1 % Ақтау қаласында, Мұнайлы ауданында - 15,7% құрайды. Қалған аудандар мен қалаларда бұл көрсеткіш бұдан төмен. Бүгінгі күні 22 332 азамат емделіп шықты. 8-15 қазан аралығында 111 адам ем қабылдады. Қазіргі таңда тұрғындарға 375 инфекциялық және 57 реанимациялық төсек-орын бар. Шілде-тамыз айларында қосымша төсек-орындар ашылып, 15 нысан жұмыс істесе, бүгінде науқастар 7 стационарда ем алуда. Осы стационарларда бүгінгі күні 57 адам ем қабылдауда. Оқу жылы басталғаннан бері COVID-19 жұқтырған 82 оқушы анықталды. Медициналық ұйымдар жеткілікті дәрілік препараттармен және жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтылған», - деді Г. Қалмұратова 


Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы бақылдау, осы бағыттағы бірлескен жұмыстар одан әрі жалғасуда.