Сонымен қатар, Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес халықты вакцинамен басқарылатын ауруларға қарсы иммундау бойынша жоспарлы жұмыс жалғасып жатқанын жеткізді. Ведомство ҚР Халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиясымен бірлесіп, халықты ревакцинациялау тәсілдерін әзірледі. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, КВИ қарсы вакцинацияның толық курсын аяқтағаннан кейін 6-9 айдан кейін қосымша доза алу ұсынылады. 9 айдан кейін векторлық (Спутник) вакциналармен егілген адамдар белсенді емес (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНК вакцинасын (Pfizer); белсенді емес вакцина (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) алғандар 6 айдан кейін - векторлық (Спутник) немесе м-РНК вакцинасын (Pfizer) ала алады; ал Pfizer-мен егілгендер алты айдан кейін белсенді емес (Sinopharm, Coronavac, Hayat-Vax, Qazcovid-In) немесе векторлық (Спутник) вакцинаның дозасымен егіле алады. Бірдей вакциналармен де қайта егілуге болады. 


«Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған санитарлық-эпидемиологиялық қызметті нығайту және отандық дәрі-дәрмек өндірісін дамыту жөніндегі тапсырмалары «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасында көрініс тапқанын атап өту қажет. Сонымен қатар, ұлттық жобада елдің стратегиялық құжаттары ескерілген. Атап айтқанда: жалпыұлттық басымдықтар; Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары; Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!». Ұлттық жоба ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының құқығын алады және 2025 жылға дейінгі нақты, қолжетімді міндеттерді қамтиды»,- деді ДСМ басшысы. 


Сонымен қатар министрлік ұзақ мерзімді перспективалар және саланың операциялық қызметі көрсетілген Денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуде.