Ол әр бағыт бойынша міндеттер, нәтижелер көрсеткіштері және іске асыру іс-шаралары белгіленгенін атап өтті. 


«Ұлттық жобаны әзірлеу кезінде біз көп адамның, атап айтқанда медициналық қоғамдастықтың, кәсіпкерлердің, азаматтық қоғамның, денсаулық сақтау жүйесі ардагерлері кеңесінің және т.б. пікірлерін ескердік. Ұлттық жобаның бірінші бағытын іске асыру халықтың медициналық қызмет сапасына қанағаттануын 80%-ға дейін арттыруға, тірек және спутниктік ауылдарды 100%-ға алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен қамтамасыз етуге; кемінде 40 денсаулық сақтау нысанын және 2 ғылыми орталықты жаңғыртуға; ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмектің жалпы көлемінде амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жүкті әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау мақсатында, біріншіден, жүкті әйелдерді жеке және дисциплинааралық босанғанға дейінгі бақылаумен қамту; екіншіден, 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтамасыз ету жоспарлануда; үшіншіден, 8 өңірде балаларды оңалту орталығы мен 2 ерте араласу орталығын қосымша ашу көзделген, бұл мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтуды 3 есеге арттыруға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді ведомство басшысы.  


Халыққа сапалы қызмет көрсету көп жағдайда біліктілікке және қажетті мамандардың болуына байланысты екенін ескере отырып, ұлттық жобаның бірінші бағыты шеңберінде тапшы мамандықтар бойынша резидентураның білім беру гранттарының саны 3 800-ге дейін ұлғайтылады. Көптеген дәрігерлер әлемнің жетекші орталықтарында қарқынды терапияның халықаралық стандарттары бойынша оқытылады.