Ол ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілген «Биологиялық қауіпсіздік туралы» ҚР Заңы қабылданатынын атап өтті. Сондай-ақ ұлттық және жаһандық тәуекелдерге болжамдау мен ден қоюдың ғылыми негізделген жүйесін енгізу көзделген. 


«Ұлттық жобаның үшінші бағытында мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауда айтылған тапсырмалары ескерілді, бұл жергілікті фармацевтикалық нарықтағы отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының үлесін құндық мәнде 50% дейін арттыру; бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы жергілікті мазмұны бар ДЗ және МБ сатып алу үлесін 50% дейін арттыру; аккредиттелген зертханалар/орталықтардың үлесін халықаралық стандарттарға сәйкес ұлғайту; ДЗ және МБ шығару бойынша кемінде 30 жаңа өндірісті іске қосу; ұлттық реттеушіні ДДСҰ бенчмаркингінің 3-ші деңгейіне дейін жеткізу», - деді министр Цой.  


Төртінші бағытты іске асыру қорытындылары бойынша темекі шегудің таралуы 19% дейін төмендейді деп күтілуде, азаматтардың 45% салауатты өмір салтын ұстанады, ал 50% дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады. Ол үшін халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді мың адамға шаққанда 53% дейін арттыру көзделген. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға да жағдай жасалады.  


«Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде мынадай әлеуметтік әсер орын алады деп күтілуде: біріншіден, азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұлғайту арқылы адамның өмір сүру сапасын жақсарту және белсенді ұзақ өмір сүруіне қолжеткізу; екіншіден, халықтың медициналық қызметтер сапасына қанағаттану деңгейін 80% дейін арттыру; үшіншіден, экономикалық аспектіде денсаулық сақтау саласына жеке инвестицияларды жылына 783 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарланған. Бұл 13 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға және отандық фармацевтикалық өнім үлесін 50% дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша, ұлттық жобаны іске асыру медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, жүкті әйелдердің денсаулығын сақтауға және балалардың денсаулығын нығайтуға, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтумен қамтуға, кадрлық әлеуетті нығайтуға ықпал ететін болады», - деп атап өтті ведомство басшысы. 


Сондай-ақ, жоба эпидқызметті жетілдіру, отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту және салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталған.