«12 аптадан артық уақыт ішінде көптеген науқастарда белгілер пайда болады. Егер инфекцияның патогенезін алсаңыз, біз тамырлардың эндотелийге және барлық органдар мен жүйелердегі тамырлар зақымданатыны жайлы бірнеше рет айттық. Біздің ғалымдар постковидті емдеудің клиникалық хаттамасын әзірледі. Олар жүрек-қан тамыр жүйесінің асқынулары болатынын айтты, бұл миокардит, жүрек ырғағының бұзылуы, перикардит, эндокринологиялық жүйенің бұзылуы, қант диабеті, сондай-ақ, қалқанша бездің бұзылуы. Когнитивті бұзылулар, ұзақ апатия, әлсіздік, ұйқының бұзылуы сияқты жүйке жүйесінің де бұзылулары байқалады. Бұл белгілердің барлығы және оны қалай емдеу керек екендігі хаттамада көрсетілген. Бұл ретте пульмонологтар, кардиологтар және неврологтар кіретін дәрігерлердің көп салалы тобы емдейді. Мұндай хаттама дәрігерлерде бар, қазірдің өзінде емдеу жүргізілуде», - деді спикер.