«Нобель фестивалі - студенттерге, профессорлық-оқытушылық құрамға ғылым саласындағы соңғы озық жетістіктер туралы білуге мүмкіндік беретін ең маңызды оқиға, өйткені Нобель фестивалі дәстүрлі түрде қазіргі заманғы әлемдік ғылыми технологиялық жетістіктердің көрінісі болып табылады. Фестивальге жыл сайын Нобель сыйлығының 10 лауреаты, «Серпіліс» сыйлығының 10 лауреаты қатысады - бұл ғылым саласындағы ғылыми Оскар, сондай-ақ, бірқатар басқа танымал ғалымдар, сарапшылар, инноваторлар. Үшінші Нобель фестивалінің хедлайнерлері Нобель сыйлығының төрт лауреаты болады», - деп атап өтті спикер.  


Нобель сыйлығының лауреаты (2007) және «Жаһандық энергия» сыйлығының халықаралық комитетінің басшысы Рае Квон Чунга, әлемдегі ең танымал экономист, Нобель сыйлығының лауреаты Майкл Спенс, экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (2020) Пол Милгром, сондай-ақ Нобель сыйлығының лауреаты Тавакуль Карман – әйелдердің көшбасшы ретіндегі рөлі туралы сөз сөйлейді деп күтілуде. 
 
Фестивальге қатысушылар тізімінде «Sapiens: адамзаттың қысқаша тарихы» халықаралық бестселлерінің авторы Юваль Ной Харари, Renault Group бас ғалымы және Siri құрушысы Люк Джулия, израильдік Силикон алқабының негізін қалаушы, ірі инвестор, «Our Crowd» бас директоры Джонатан Медведь жәнет.б. бар. 


Тікелей көрсетілім бес тілде (қазақ, ағылшын, орыс, өзбек және әзербайжан) үш негізгі студияда және университеттер базасында өтеді. Фестивальге әлемнің 70 елінен барлығы 200 ЖОО, 50 мыңға жуық адам қатысады.