Енді мемлекеттік органдар сарапшылар мен жұртшылық өкілдерінің, мемлекеттік органдардың, тікелей қатысуымен бірлескен кросс-функционалдық жобалау командаларын қалыптастырады. Бұл заманауи технологияларға негізделген жаңа ұйымдастырушылық мәдениет және Мемлекеттік басқарудың жобалық-желілік моделі.  


«Жобалық басқаруды енгізу Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өткен жылдың қаңтар айында берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың 44 жобалық кеңсесінен тұратын жобалық басқарудың бірыңғай экожүйесін қалыптастыру аяқталуда, ұлттық жобаларды іске асыру мониторингі бойынша кеңсе құрылды және жұмыс істейді. Жобалық басқарудың нормативтік және құқықтық базасы бекітілді, ол жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын және мемлекеттік органдардың жобалық басқарудың үлгілік регламентін қамтиды. Бұл құжаттар мемлекеттік басқарудың үш деңгейінде: үкімет, мемлекеттік органдар және жобалық топтар деңгейінде портфельдерді, бағдарламалар мен жобаларды басқару жөніндегі мемлекеттік аппараттың қызметін реттейді. Әрбір ұлттық жоба бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары деңгейінде куратор және министрлер деңгейінде Ұлттық жобалардың басшылары белгіленді.  


Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар ұлттық жобалардың әрбір көрсеткішін тиісті салалар мен өңірлерге бөлу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұдан әрі салада, өңірде, ауданда, ауылдық округте әрбір декомпозицияланған көрсеткішке қол жеткізу үшін қажетті жобалар пулдары анықталатын болады», - деп хабарлады спикер.  


Барлық жобалау қызметі ақпараттық жүйеде жүзеге асырылады. Бұл әрбір міндеттің орындалуын бақылауды ғана емес, әрбір жоба бойынша ақша қаражатының жұмсалуына жедел мониторингті де қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларында жобаларды іске асыру барысын мониторингтеу үшін қоғамдық топтар қалыптастыру көзделген. Сондықтан қазақстандықтарды ұлттық жобаларды іске асыруға белсенді қатысуға шақыруда.