Қазақстандық сарапшылар халықаралық тәжірибені ескере отырып, ЭЫДҰ елдерінде, атап айтқанда, Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Канадада қолданылатын үздік тәжірибелерді бейімдеу арқылы бірегей жобалау-желілік тәсілді әзірледі.  


«Мұның бәрі зерделеніп, біздің болмысымызға, атап айтқанда мемлекеттік секторға бейімделді – «Табысқа қалай қол жеткізуге болады?», «Нәтижелерге қалай кепілдік беруге болады?»- мұның негізінде жеке жауапкершілік, нақты мақсаттар, индикаторлар, апта сайынғы спринттер, яғни сегменттер негізінде құрылған жұмыстың айқын ырғағы жатыр. Біз барлық КРІ-ды декомпозициялағанда, нақты жобаларға шығамыз және әрбір жобаға кестеге сәйкес командаға қажетті қолдау алуға, өз міндеттерін, өз проблемаларын эскалациялауға мүмкіндік береміз.  


Бірақ ең үлкен жаңалық - бұл барлық жобалық тәсіл қоғамның ұлттық жобаларды мониторингтеуге, бақылауға тікелей қатысуын қарастырады. Әрбір ұлттық жоба салалар мен өңірлер бойынша бөлшектеп байланыстыратын бағдарлама болып табылады, сондықтан әрбір қоғам белсендісі, әрбір сарапшы өзінің мүмкіндіктеріне, мүдделеріне қарай қоғамдық мониторингтің мүшесі болуға, ақпараттық жүйелерге қолжетімділік алуға және мониторингке, талқылауға, КРІ түзетуге не бюджет сомасына, шығыстарға, міндеттерді орындауға немесе мерзімін өткізіп алуға және кез келген ауытқуларға қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл шынайы мүмкіндік, мұның бәрі Үкіметтің осы қаулысында және типтік ережеде көрсетілген. Барлықтарыңызды онымен танысуға және осы жұмысқа қатысуға шақырамыз. Біз жақын арада жұмыс істеуге, осы жұмысқа және қоғамдық ұйымдарға қатысуға дайын кез келген бастамашыл топтарға үн қосуға дайынбыз. Мемлекет басшысы Ұлттық жобалар ауқымы бойынша ғана емес, іске асыру форматы бойынша да ұлттық жобаларға айналуы үшін осындай міндет қойды. Сондықтан біз оны жобалық-желілік модель деп атаймыз», - деді спикер.  


 
Бұл модельдің инновацияны қамтитыны IPMA дүниежүзілік конгресінде қазақстандық жобаның халықаралық мойындалуының белгісі болып табылады.