«Жаңа оқу жылынан бастап колледждерге академиялық дербестік берілді, ол жұмыс берушілердің қатысуымен және еңбек нарығының талаптарымен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Жас маман» жобасы бойынша 180 колледжді заманауи жабдықтармен жабдықтау, тиісті бағдарламалар жасау, жаңа бағдарламалармен оқыту бойынша жұмыстар басталды. Жаңа оқу жылында еліміздің колледж студенттері штаттық оқыту форматына көшті. Теориялық, лабораториялық, практикалық сабақтар және кәсіптік практика штаттық режимде өткізіледі. Бұл ретте оқу пәндерінің 20% қашықтан өткізуге рұқсат етілді», - деді БҒМ өкілі.


Айта кетейік, еліміздің барлық колледждерінде, оның ішінде жатақханаларда «ASHYQ» жүйесі енгізілді.