Ерекше білім беру қажеттіліктері бар, сондай-ақ тәуекел тобындағы студенттер үшін бұл міндетті емес. Олар қашықтықтан оқи алады. 

«ЖОО жаңа оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру бойынша бірқатар шаралар қабылдады. Санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. ЖОО-да маскалық режим қамтамасыз етіледі, барлық корпустарда санитайзерлер, дезинфекциялық аркалар, тепловизорлар орнатылған. ЖОО, оқу корпустары, кітапхана және жатақханалар аумағында Ashyq қосымшасы қолданылады. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес оқытушылар мен қызметкерлер үшін медициналық қарсы көрсетілімдері барларды қоспағанда, "жасыл" мәртебенің болуы міндетті болып табылады. Студенттерде ПТР-тестілеудің болуын талап етуге жол берілмейді», - деді спикер.