Ведомство өкілінің айтуынша, қазіргі таңда оқу орындарының 100% заманауи бейнекамералармен жабдықталған.  


«Бақылау жүйелерімен қамтамасыз етілді, жазба 30 күн бойы сақталады. Министрлік оқу жылының басында ведомствоға қарасты жоғары оқу орындарында және басқаларында жаңа оқу жылына әзірлікке үш тексеру, оның ішінде жоғары оқу орындарының қауіпсіздік жүйесінің жай-күйін бағалауды жүргізді. Министрлік 2021-2022 оқу жылында апта сайын ІІМ құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерін шақырып, ЖОО-дағы қауіпсіздік жүйесі бойынша негізгі талаптарды түсіндіре отырып, ЖОО-мен кеңес өткізеді. Дабыл түймелерін, дыбыстық хабарландыруды, бетті тануға арналған жабдықты, турникеттерді, сондай-ақ жедел басқару орталығына қосылуды қамтитын қауіпсіздік жүйесін көздеу тапсырмасы берілді. Жоғары оқу орындары студенттермен де, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлермен де оқу-жаттығуларды тұрақты түрде өткізеді», - деп сендірді спикер.  


Бұдан басқа, жоғары оқу орындары цифрлық платформаларда контентті толтыру бойынша жұмыс жүргізді, шектеу шаралары қолданылатын елдерді қоспағанда, білім алушылардың «академиялық ұтқырлығы», шетелдік тағылымдамалары жаңартылды.