«Қолданыстағы ережеге сәйкес, «Алтын белгі» алу үшін оқушының 5-11 сынып аралығындағы барлық жылдық бағалары «5» болуға тиіс. Ал қазіргі уақытта педагогикалық кеңесте қарастырылып отырған мәселе - егер де оқушыға «Алтын белгі» берілуі тиіс болса, онда оның тоқсандық бағалары әр пән бойынша «өте жақсы» бағалануы тиіс. Бұл мәселе талқылану үстінде. Тиісті шешім қабылданады. Бүгінде «Алтын белгі» алушылар саны көбейді. Бұл оқушының тек мектептегі оқу жетістіктеріне ғана берілген баға. Алдағы уақытта ол тек қана баллдары тең болғанда ғана ЖОО-ға түсуге артықшылық береді. Бірақ мектеп бітіргендегі ерекшелік болғаннан кейін оның сапасы да, мазмұны да жоғарылауы керек. Сондықтан бұл жұмыс жетілдірілетін болады», - деді БҒМ бірінші вице-министрі өз жауабында.