«Бұл бағыттың екінші маңызды міндеті – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Өйткені, «ұлтты сақтау» дегеніміздің өзі – тілді сақтап, дамыту екені белгілі. Мемлекет басшысы қазақ тілінің болашақта – ұлтаралық тілге айналатынына сенім білдіргенін білесіздер. Оған бүгінде барлық негіз бар. Мемлекеттік тілге деген қоғамның сұранысы артып келеді. Бұл – уақыт талабы. Сондықтан, бұл мәселеде бірқатар ауқымды жобалар қарастырылып отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік тілді оқыту бойынша инновациялық ІТ-өнімдер әзірлеу, танымал анимациялық және танымдық арналарды қазақшалау, орта білім берудің тілге қатысты бағдарламаларына өзгерістер енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін қазақ тіліндегі оқулықтар әзірлеу сияқты жүйелі іс-шаралар бар», - деді АҚДМ басшысы. 


Оның айтуынша, мақсат - қоғамдағы қазақтілді ортаны барынша кейейту, оны тұрмыста ғана емес, ғылым мен білімнің, бизнес пен әлеуметтің тіліне айналдыру.