«Басты айырмашылықты оларды жүзеге асыру түрінен іздеу керек. Елбасының бағдарламалық мақаласына төрт жыл болғанын атап өткім келеді.  Осы уақыт ішінде ол мемлекеттік бағдарлама ретінде бекітілмеді, оны іске асыруды қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия бақылап отырды және іс жүзінде осы комиссияның барлық тапсырмалары орындалды, ол осы бағыттағы жұмысты жетілдіруге ықпал етті. Бірақ бұл құжаттың тактикалық мәні болды. Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2019 және 2020 жылдары жол картасы қабылданды. Бұл тактикалық құжат өз алдына атаулы мақсаттар қояды, ал біздің ұлттық жобамыз - бұл нақты міндеттерден, нақты көрсеткіштерден тұратын стратегиялық құжат. Біз бұл көрсеткіштерге қандай да бір іс-шараларды іске асыру арқылы қалай қол жеткізуге болатынын білеміз. Осы тізбені қазірдің өзінде егжей-тегжейлі жаздық, қандай мультипликативтік әсер болатынын және осы жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша қандай нәтижелерге қол жеткізетінімізді білеміз. Жол картасы мен ұлттық жоба қайталанбайды, бірақ бірін-бірі толықтырады. Бұл жерде айырмашылық бар», - деп атап өтті ведомство басшысы.