Колледждердің оқу-өндірістік шеберханаларын заманауи жабдықтармен жарақтандыру бойынша жұмыс жалғасады. «Жас маман» жобасы шеңберінде колледждер базасында 20 құзыреттілік орталығы құрылатын болады. 
Жоғары білім беру саласында да өзгерістер жоспарланған.  


«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында да нақты міндеттер, индикаторлар бар. Бұл академиялық артықшылықтың 20 орталығын, Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша екі өңірлік жоғары оқу орнын құру, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарының бес филиалын ашу көзделген. Біз бұл жұмысты биыл бастадық. «МонтФорт» университеті өзінің алғашқы кампусын Алматы қаласында ашты. Отандық және шетелдік жоғары оқу орындарын дамыту салауатты бәсекелестік үшін де қажет деп санаймыз. Бәсекелестіктен ешқашан жаман болған емес. Біз сондай-ақ шетелдік брендтер - Қазақстан аумағында өз филиалдарын ашатын жоғары оқу орындарын тартамыз. Мұндай міндет ұлттық жоба аясында да қойылған», - деп атап өтті спикер.