Ведоство басшысы өз жауабында «Серпін» бағдарламасы бойынша бөлінген 3,5 мыңға жуық грант игерілмегенін жеткізді.
«Конкурсқа берілген гранттар толық игерілді. Ал келесі оқу жылына тиісті бұйрық шықты. Оған сәйкес, қай бағыттар бойынша қанша орын бөлінгені белгілі. Нақтырақ айтар болсақ, мысалы, ең көп грант педагогика саласына бөлінеді, ІТ бағыты бойынша бөлінетін гранттар екі есеге артты, 9 мыңнан асады. Жалпы, техникалық білім бағыттары бойынша гранттар көп бөлінуде. Гранттардың көбі осы үш бағытқа беріледі. Негізінде гранттарды бөлудің тиісті әдістемесі бар. Оның саны нарықта қажеттілігі бар мамандықтар бойынша анықталады, Өткен жылдары да осы үш бағыт бойынша гранттар көп бөлінді, алдағы уақытта да бұл үрдіс сақталады», - деді министр.