2020 жылы техникалық инспекторлар еңбек жағдайлары бойынша 64 039 тексеру жүргізілді. 


«Тексеру барысында техникалық инспекторлар 118 912 заң бұзушылық анықтады, оның ішінде қауіпсіз еңбек жағдайларына байланысты 42 704 заң бұзушылық. Жұмыс берушілерге 34434 ұсыныс берілді. Талдау көрсеткендей, өндірістік кеңестер қызметінің тиімділігі бар, өйткені олар анықтаған бұзушылықтарды жою, соның ішінде, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ықпал етті. Сонымен қатар, 2019 жылғы Еңбек министрлігі «нөлдік жарақаттану - Vision Zero» тұжырымдамасын ілгерілету туралы бойынша белсенді жұмыс бастады.  Онда 7 алтын ереже қарастырылған  және өндірістік жарақаттануды төмендетуге, еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарының санын қысқартуға мүмкіндік беретін озық практика және профилактикалық шараларды іске асыру мәселелері бойынша тараптардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған. Бүгінгі таңда республика бойынша 292 кәсіпорны аталған тұжырымдамаға қосылды», - деді еліміздің бас мемлекеттік еңбек инспекторы. 


Бұдан бөлек Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп «халықтық бақылау» әлеуметтік маңызды жобасы енгізілуде. Ол мүмкіндігі шектеулі адамдарды «халықтық бақылаушылар» ретінде тартуды көздейді.  Жобаның мақсаты кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға ішкі бақылауды күшейту болып табылады. Жобаны іске асыру мүгедектер үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасы шеңберінде халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлеуметтік бейімделуге ықпал ететін болады. Бүгінгі күні республиканың 148 кәсіпорны аталған жобаны енгізді.