Оның айтуынша, білім беру мекемелерінде орнатылған камералар ІІМ Жедел басқару орталықтарына қосылады. 


«Бүгінгі күні 2 026 мектеп 36 657 камерасын ЖБО-на шығарды. Елімізде 7 372 мектеп бар, онда 137 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Жыл соңына дейін барлық мектептерден бейнебақылауды ЖБО-на шығару жоспарлануда. Өткен аптада мен Ақтөбеге осы процесстердің барлығын тексеру үшін бардым. Осы уақытқа дейін мен 4 аймақты тексеріп қайттым, қараша айының соңына дейін барлық облыстарды аралап шығамыз», - деді ІІМ өкілі.