«Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің санын қалпына келтіру» міндеті шеңберінде тұран жолбарысын реинтродукциялау үшін азық базасын құру мақсатында «Іле – Балқаш» мемлеккеттік табиғи резерватта қабан, тоғай бұғысы, елік санын ұлғайту көзделген. Ол үшін азық базасын құру үшін биотехникалық іс-шаралар жүргізу, интродукциялау және реинтродукциялау бойынша биологиялық негіздемелер әзірлеу, сақтау орталықтарын және басқа да жобаларды құру жоспарланған. Сондай-ақ балық ресурстарының табиғи популяциясын 224 мың тоннаға дейін ұлғайту және жерсінуі кемінде 65% болатын 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі іс-шаралар қарастырылған», - деді министр. 


Сонымен қатар, «Экология болашағы» аясында орнықты даму қоғамын құруға баса назар аударылады. Министрдің сөзінше, экоқұрылым мен мәдениет деңгейін арттыру жөніндегі бағыт ұлттық жобаның базалық бағыты болып табылады, өйткені барлық табиғат қорғау және эко-сақтау іс-шаралары мен саясаты бірінші кезекте экология және қоршаған ортаны қорғау туралы базалық түсініктері бар азаматтарға сүйенуге тиіс. Қазіргі уақытта осы саладағы жағдай білім беру және экологиялық білім беру саласында реформалар жүргізу қажеттілігін айқындап отыр.  

«Осы бағытта 2 міндет алға қойылған. Бірінші. Бұл экологиялық аспектілерді ресми білім беру және ағарту жүйесіне біріктіру. Орта мектептің 6-сынып бағдарламасына «Экология» таңдау бойынша жаңа курсты енгізу және экологиялық ағарту орталықтары желісін құру жоспарланған. 
Екінші. Бұл эко-бағдарлы ақпараттық кеңістікті қалыптастыру. Экологиялық білім беру жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу және іске асыру, «Birge-taza Qazaqstan» экологиялық акциясын өткізу сияқты іс-шаралар іске асырылады», - деді Брекешев.  


Тұтастай алғанда, жобаны іске асыру халықтың нақты кірістерінің ұлғаюына, ЖІӨ-жалпы ішкі өнімнің 231 млрд теңгеге өсуіне ықпал етеді, 60 мыңға жуық жұмыс орны құрылады. Бірінші кезекте, ұлттық жобаны іске асыру әлеуметтік нәтиже алуға бағытталған. Сондай-ақ, ұлттық жоба көлдердегі су сапасын жақсартуға, сондай-ақ суаруға су беру кезінде шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, орманды аумақты елдің жалпы ауданыны көлемінң 5% дейін ұлғайтуға жағдай жасайды.