Мониторингте тұрған 343 салық төлеуші ірі бизнес субъектілері болып табылады, оның ішінде 98 – жер қойнауын пайдаланушылар, 244 – экономиканың әр түрлі секторларындағы ірі салық төлеушілер, оларға мемлекеттік бюджетке 447% - және республикалық бюджетке 51% - дан астам салық түсімдер тиесілі.  


«Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша ірі бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 1 270 млрд теңгеге немесе 36%-ға ұлғайып, 3 302,3 млрд. теңгені құрады. Республикалық бюджетке түсімдер 840 млрд.теңгеге немесе 50%-ға ұлғайып, 2 520,7 млрд. теңгені құрады. Экономика секторлары бойынша көтерме және бөлшек сауда 26%-ға немесе 275 млрд теңгеге; өңдеу өнеркәсібі 17,4%-ға немесе 185 млрд теңгеге; қаржы және сақтандыру қызметі, жылжымайтын мүлікпен операциялар 14,2%-ға немесе 151 млрд теңгеге; құбыржолы арқылы тасымалдау 39%-ға немесе 33 млрд теңгеге өсті. Түсімдердің ұлғаюы пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру және салықтық әкімшілендіру сапасын жақсарту кезеңіне келді», - деді департамент директоры. 


Оның айтуынша, әкімшілендіру сапасының жақсаруына тәуекелдерді бағалау жүйесі ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, салықтық тексерулерді тағайындау әсер етті. Осы жүйені қолдану тәуекел дәрежесін бағалау көрсеткіштері негізінде салықтық тексерулер үшін ірі бизнес субъектілерін нақты іріктеуге мүмкіндік берді, мұнда тексерулер тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған салық төлеушілерге қатысты тағайындалады. Жалпы, 2021 жылғы 9 айда ірі салық төлеушілерді 34 салықтық тексеру аяқталды. Жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша 46,5 млрд.теңге салықтар мен өсімпұлдар қоса есептелді.