«Қазіргі уақытта мониторинг Салық кодексінің 132-бабына сәйкес жүзеге асырылады, онда алдын ала жүргізілген талдау бойынша алшақтықтар анықталған жағдайда салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын растайтын құжаттарды ұсыну туралы талап қойылады. Бұдан әрі бұзушылықтар анықталған жағдайда, ірі салық төлеушіге жазбаша түсіндірме беру құқығы беріле отырып, осындай бұзушылықтар туралы хабарланады және ұсынылған түсіндірмемен келіспеген жағдайда ғана мемлекеттік кірістер органы уәждемелі шешім шығарады және белгіленген бұзушылықтар мәселесі бойынша салықтық тексеруді тағайындайды», - деді Сүлейменов. 


Оның сөзінше, 2021 жылы ірі салық төлеушілердің мониторингін оңтайландыру үшін ең үлкен тәуекелдері бар ірі салық төлеушілердің нысаналы топтары айқындалды. Мәселен, салықтық мониторинг шеңберінде, жүргізілген жұмыс нәтижесінде салықтық түсімдер 42 млрд теңгені құрады.