«Жалпы, 2021 жылы аса қауіпті зиянды организмдер бойынша таралу көлемі 3,2 млн га алаңда болды, оның ішінде дәнді дақылдар аурулары 1,4 млн га, астықтың сұр көбелегі 392 мың га. Пестицидтердің құнын 50%-ға, 2,048 млрд теңге мөлшерінде субсидиялау көзделген, бұл өңделген аумақты - 1,7 млн га субсидиялауға мүмкіндік берді. Барлық осы объектілер бойынша республика аумағында пестицидтер түрлі ассортиментте және қажетті мөлшерде жеткілікті болды. Еліміде бүгінгі күні объектілердің барлық түрлері бойынша 1160 препарат тіркелген», - деді спикер.