Министрдің мәліметінше, 2023 жылдан бастап Еуропалық Одақ көміртегі салығын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл салық өндіру кезінде шығарындылар деңгейі жоғары импортталатын тауарларға салынады.  

«Айта кетейік, мұндай елдер үшін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өтпелі (транзиттік) кезең ұсыну қарастырылуда. Тауарларға тоқталатын болсақ, бұл мұнай өнімдері, болат, алюминий, цемент, органикалық химия тауарлары. Осы көміртегі салығының құрылымы бойынша, оның деңгейі қазір Еуропалық Одақта талқылануда. Біз осы талқылаулардың барысын тұрақты бақылап, талдау жүргізіп жатырмыз, ЕАЭО бойынша әріптестерімізбен қатар консультациялар өткіземіз, жалпы алғанда есептеулер жасалуда. Менің ойымша, биыл жыл соңына қарай бәрі айқындалады», - деді Ұлттық экономика министрі.