«Бұл құрылым шеңберінде екі субхолдинг пайда болады. Оның бірі – қазір қолданыстағы электр энергетика нысандарын жаңарту жобаларына инвестиция құяды. Екіншісі жаңартылатын энергия көздері саласындағы жаңа жобаларды салуға қатысты шаруалармен айналысады. Энергетикалық холдингті арнайы комитет басқарады», - деді спикер.