Ал Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков бұл деңгей үлкен өзгерістерді қажет етеді.

«Көмір өндіру үлесін 2030 жылға қарай 70–тен 40%-ға дейін төмендету - үлкен сын-қатер. Ол үшін тұтынушылар мен өндірушілердің басым бөлігін - тау-кен металлургия кешенінің, ЖЭО компанияларын газға көшіру қажет. Бұл үшін мұнай және газ өндіру саласында жер қойнауын пайдалану бойынша жетілдірілген модельдік келісімшарт әзірленуде, онда мұнай-газ өндірісіне инвестицияларды ынталандыру үшін фискалдық және реттеуші преференциялардың үлкен пакеті болады. Екінші аспект - ЖЭК дамыту. Ол үшін инвестиция қажет. Бүгінгі күні еліміздегі ЖЭК үлесі 3% құрайды. Біз аукциондық тетікті сәтті өткізіп келеміз, араб инвесторлары кіретін стратегиялық серіктестермен жұмыс жүргізілуде, олардың Қазақстандағы ЖЭК үлесін дамытуға қосқан үлесі елеулі және қажет», - деп түсіндірді спикер.  


Келісім электр энергетикасы, валюталық реттеу, логистика, көлік және т.б. салаларға да қатысты.