Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков Мемлекет басшысының қыркүйек айындағы Жолдауында Үкіметке бұл мәселені бір жыл ішінде пысықтауды тапсырғанын жеткізді. Сондықтан қазір белсенді жұмыс жүріп жатыр.   


«Біздің жұмысымызға осындай жобаларды іске асыру кезінде қажетті критерийлерді ескере отырып, ел аумағындағы орындарды анықтау жатады. Сондай-ақ технология, қуат бойынша сарапшылармен, соның ішінде халықаралық сарапшылармен консультациялар өткізілуде. Сонымен қатар, тапшылық бола ма, болса қай жылы және қандай көлемде болатынын анықтау үшін электр тұтынудың, электр өндірісінің өзектендірілген теңгерімін қараймыз. Бұл жұмыстардың барлығы кешенді түрде жүргізіледі. Өзіңіз айтқандай, қараша айында бұл мәселе халықаралық сарапшылармен талқыланады. Менің ойымша, Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген мерзімде біз бұл жұмысты аяқтаймыз және осы мәселені одан әрі іске асыру бойынша пайымды ұсынамыз», - деді спикер.