Ұлттық жоба 10 бағыттан, 26 тапсырмадан, 44 көрсеткіштен және 211 іс-шарадан тұрады, оларды іске асыру 2025 жылға дейін жоспарланған.
«Ұлттық жоба екі блокқа бөлінген. Біріншісі, цифрлық трансформация, ол: қызметтерді 5 минут ішінде көрсету; IT саласын дамыту; халық үніне құлақ асатын және тиімді мемлекет құру; қолайлы өмір сүруге арналған цифрлық құралдарды қолдану; технологиялық және инновациялық бизнесті дамыту; сапалы интернет пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттарынан тұрады. Екіншісі, ғылым. Жалпы алғанда, ғылымның кадрлық әлеуетін нығайту – ғалымның басты назарында; ғылыми экожүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; елдің дамуына ғылымның үлесін арттыру ғылым-өндіріс-бизнес; ғылымды әкімшілендіруді жетілдіру», - деді Б.Мусин.
Министрдің мәліметінше, ұлттық жобаны іске асыру үшін 2,2 трлн теңге мөлшерінде қаражат бөлу көзделген, оның ішінде 1,4 трлн теңге мемлекеттік бюджеттен, 800 млрд теңге жеке инвестициялар тартылады.