Ведомство басшысы барлық ауылдарда интернет жеткізу бойынша мәселелер барын атап өтті.

«Қазіргі кезде 5163 ауылда және қалада интернет бар, бірақ 768 ауылда оның сапасы өте төмен. Қазіргі кезде интернеттің ең төменгі деңгейдегі көрсеткіштері белгіленді. Ол 3G үшін 1,5 МБ, 4G үшін 5 МБ. Осы параметрлерге сәйкестік бойынша тексерулер жүргізіледі. Биыл 400 астам тексеру жүргізіліп, 92 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Ал 3-4 айдан кейін тексеру барысында осындай жағдайлар қайталанса, айыппұл мөлшері екі есе ұлғаяды. Бүгінде айыппұл мөлшерін 100-ден 1000 АЕК-ке дейін көтері мәселесі қаралуда. Сондықтан операторлар интернет сапасын арттыру мақсатында бар күш-жігерін салады деп ойлаймыз», - деді министр.  


Оның айтуынша, сондай-ақ, радиожиіліктердің лицензиялары қайтарып алынып, кері міндеттеме белгіленген жаңалары тағайындалды.