«Ұлттық жобада «Ғылымның кадрлық әлеуетін нығайту» бағыты бойынша 2025 жылы ғалымдар санын 34 мың адамға дейін жеткізу міндеті қойылды. Бүгінгі таңда елімізде ғылым саласында 22 665 адам еңбек етеді. Бұл өте аз. Ұлттық жоба аясында ғалымдардың әлеуетін көтеру үшін олардың жалақысын базалық қаржыландыруға қосу туралы Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалады. Нәтижесінде 1200 жетекші ғалымның жалақысы тұрақты түрде конкурстан тыс қаржыландырылатын болады. Сондай-ақ, жыл сайын жас ғалымдарға «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінеді. Бұл гранттар докторлықты қорғаған жаңа жас ғалымдарға бөлінеді. Жас доктордың стипендиясы 500 мың теңгені құрайды. Бұл докторлықты қорғаған жас ғалымдарға ғылымда қалуға септігін тигізбек. Сонымен қатар, 500 ғалымды тағылымдамадан өтуүшін жетекші әлемдік ғылыми орталықтарға жіберу бойынша іс-шаралар қарастырылған», - деді комитет төрағасы.  


Бұдан бөлек, биылдан бастап жыл сайын 50 адамға «Үздік ғалым» сыйлығы тағайындалады. Оның көлемі - 5 млн теңгеден астам. Жан-жақты тиісті қолдау көрсетудің арқасында ғалымдар санын арттыру көзделген.